Алматы облысында 33 оқушы орамалын шешті
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында мектепке ормал тағып, хиджаб киетін оқушылармен тиісті жұмыстар жүргізіле бастады. Бүгінгі күні 33 оқушы орамалын шешті. Қазір өңірде хиджаб мәселесіне байланысты білім басқармасы прокуратура және дінтанушы қызметкерлерімен бірлесіп ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.