Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көктемнің шуақты мерекесі - Наурыз мейрамына арнап елордада мәдени-ойын-сауық бағдарламасы әзірленді. Дәстүр бойынша басты шаралар 21-22 наурызда қаланың ашық алаңдарында сағат таңғы 10.00-ден кешкі 18.00-ге дейін өтеді, деп хабарлайды Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы.