Сирияда апатқа ұшыраған ұшақта Ресейдің 39 әскериі болған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирияда апатқа ұшыраған Ан-26 ұшағында 6 экипаж мүшесі мен 33 жолаушы болған. Олардың отбасыларына қажетті көмек пен қолдау көрсетілетін болады, деп хабарлайды ТАСС агенттігі Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.