Оралда «Домбыра күні» өткізілмек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Оралда күй атасы Құрманғазының 195 жылдығына орай «Домбыра күнін» өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.