Бибісара Асаубаеваға тіл тигізгені үшін ресейлік бапкер жарыстардан шеттетілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік бапкер Евгений Соложенкин шахматшы Бибісара Асаубаеваға әлем чемпионатында электронды нұсқаушының көмегін пайдаланды деп айып таққан болатын. FIDE этикасы бойынша комиссия шешімі негізінде ресейлік бапкер жалған айтып, жала жапқаны үшін барлық турнирлерден шеттетілді. Бұл туралы қазақстандық шахматшының адвокаты Александр Добровинский Фейсбук парақшасында жазды.