Оралда ұсақ бұзақылық жасаған 500-ге жуық адам жауапқа тартылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда биыл ұсақ бұзақылыққа барған 487 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік сотынан хабарлағанындай, соның ішінде 437 адамға айыппұл салынды. 50 адам қамауға алынды.