Қызылорда облысының Қармақшы ауданында Сырдария өзені арнасынан асты
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 21 наурызында Сырдарияның Қармақшы ауданы аумағынан мұз жүру кезінде сең кептелісі болып, өзен арнасындағы су деңгейі көтерілді. Нəтижесінде Далдабай елді мекені тұсындағы «Жосалы-Жалағаш» тасжолы бойындағы көпір және жолдың шамамен 500 м аумағының үстін су басты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.