Қызылордадағы атыстан жарақат алған азаматқа ота жасалып жатыр
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы Әйтеке би көшесі бойында бүгін түс кезінде болған атыстан кейін дене жарақатын алған адамға облыстық медицина орталығында ота жасалуда. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық медицина орталығы директорының міндетін атқарушы Қанат Жүндабеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.