Су тасқынынан пайда көрмек болғандар да бар - ШҚО әкімі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аягөздегі қызыл судан зардап шеккен үйлер қайта қалпына келтіріле бастады. Аталған ауданға арнайы келген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жөндеу жұмыстарына қатысатын барлық құрылыс компанияларын жинап, құрылыс жұмыстарын қысқа мерзім ішінде әрі сапалы жүргізуді тапсырды.