Қазақстанда АҚШ-тың әскери базасын ашу туралы пайым негізсіз - елшілік
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Соңғы күндері біршама ресейлік БАҚ пен интернет-ресурстарда Каспий теңізіндегі қазақстандық порттарды АҚШ әскери-теңіз күштері пайдаланатыны туралы және тіпті Қазақстан аумағында АҚШ-тың әскери базасы ашылатыны туралы негізсіз пайымды арқау еткен әртүрлі материалдар жарияланды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігі хабарлайды.