Түркістанға үш айда 300 мыңға жуық турист келді
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістан қаласына ағымдағы жылдың үш айында 300 мыңға жуық зияратшы мен турист келген. Оның ішінде бес мыңға жуығы шетел азаматтары. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Тәжібек Мұсаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.