Ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлер
Ұмыт болып бара жатқан салт дәстүрлер!
Тақырыбы:Ұмыт болып бара жатқан салт дәстүрлер
Ғылыми жобадағы мақсатым : Салт-дәстүр атадан қалған мұра. Елімді, өз туған өлкемді, салт-дәстүрімді шын жүрегіммен сүйемін және әлемге танытқым келеді. Себебі қазағымның асыл қасиеттері жүрегіме қуат, көңіліме мақтаныш береді.. Менің бұл ғылыми жобадағы басты мақсатым отанымызда қолданыстан шығып қалған салт дәстүрлермен жақынырақ танысқым келді , жоғалып бара жатқан салт дәстүрлерді қайта жаңа қолданысқа енгізгенін қалаймын. Әр мектепке ертедегі қазақтар қолданып келген дәстүрлерді үйрететін пән ашылса деймін, сонда келешекте тәрбиеге бай салт-дәстүрлер мәдениетінің нәрімен адамгершілік асыл қасиеттер үлгісін санаға сіңіруіне жағдай жасалар еді
Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы.
Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Қазақ халқы – салт - дәстүрге өте бай халық. Ал салт - дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екенін айғақтайды. Алайда қазақ елінде ертеден қолданылып келе жатқан салт-дәстүрлерұмыт болып бара жатыр.