Демалысқа кетер болсаңыз қарызыңызды естен шығармаңыз - салық органдары ескертеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық мемлекеттік кірістер департаменті жазғы демалыс қарсаңында салық берешектерін өтеу қажеттігін еске салады. Мұндай ескерту Қазақстаннан тысқары аумаққа шығар алдында келеңсіздіктердің орын алмауы үшін жасалып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.