Ресейде қазақстандық жауынгерлердің ескерткіші жаңартылды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбе облысының әкімдігі Ресейдің Ржев қаласындағы 100 және 101 атқыштар бригадасына арналған ескерткішті қайта ашты. Күрделі жөндеу жұмыстары кезінде мемориалдық кешен жаңартылып, аумағы кеңейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.