ҚР Президенті жаңа сайланған Армения Премьеріне құттықтау жеделхатын жолдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянға Армения Республикасының Премьер-Министрі лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.