ОҚО-да «Men Qazaqpyn» телевизиялық жобасына іріктеу басталады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «Men Qazaqpyn» телевизиялық жобасына іріктеу басталады. Дәстүрлі ән мен күй, терме сынды өнерімізді ұлықтайтын «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасының мега жобасы биыл да жалғасын табады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ontustik» телеарнасының директоры Бауыржан Бердімұратов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.