Шымкентте тәулігіне 20 мың жолаушы өткізетін жаңа теміржол вокзалы салынады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте тәулігіне 20 мың жолаушы өткізетін жаңа айналма теміржол вокзалы салынады. Заманауи үлгіде бой көтеретін теміржол желісінің техникалық құрылысының сипатын Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевқа «Байланыс жолдарын дамыту ғылыми-зерттеу институтының» басшылығы таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.