«Айка» фильмінің режиссері «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды - ОҚО
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Канн кинофестивалінен кейін көпшілікке танылған «Айка» фильмінің режиссері Сергей Дворцевоймен кездесті. Еліміздің кинематография саласын дамытуға үлесін қосып жүрген және оның әлемдік деңгейде танымал болуына қосқан үлесі үшін кинорежиссер Сергей Дворцевойға өңір басшысы жерлестерінің атынан шынайы алғысын жеткізіп, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.