Қазақстан бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингінде 38-орынды иеленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы 24 мамырда Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD, Лозанна, Швейцария) Жаһандық бәсекеге қабілеттілігін зерттеу орталығы 2018 жылғы әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингін жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҰЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.