Ақтауда 100-ге жуық көпқабатты үйге 3D суреттер салынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау қаласының 55 жылдығына орай, шаһар келбеті көркейе түспек. Атап айтқанда, көпқабатты 97 тұрғын үйдің сырты боялып, 3D суреттер салынады, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен жиында Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің инспекторы мәлімдеді.