Қызылордада менингококты инфекция жұқтырған жігіттің жұлын сұйықтығы зерттелуде
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында менингококты инфекция жұқтырып, қаза болған жігітпен науқаспен қарым-қатынаста болғандарға медициналық бақылау әлі жүргізілуде. Ал, науқастан алынған жұлын сұйықтығы зертханалық зерттеу үстінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.