Қытаймен бірлескен жобаларға жұмсалатын қаражат мемлекеттік қарыз емес - Нұрсұлтан Назарбаев
ЦИНДАО. ҚазАқпарат - Қытаймен бірлескен жобаларға жұмсалатын қаражат мемлекеттік қарыз емес. Бұл туралы бүгін Қытайға мемлекеттік сапарын қорытындылап, қазақстандық БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.