Қарағанды облысында екі жылдан соң өлкетану мұражайы жоқ мектеп қалмайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 125 мектепте қазіргі таңда өлкетану мұражайлары қызмет етеді, ал алдағы екі жыл көлемінде олар қалған барлық мектептерде құрылатын болады. Ол туралы аймақ басшысы Ерлан Қошанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.