ҚР СІМ мен Еуропалық бизнес қауымдастығы экономикалық дипломатияның дамуын талқылады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Еуропалық одақпен жан-жақты қарым-қатынастарды дамыту саясатын жалғастыруда. Бұл туралы бүгін, 12 маусымда Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов 140-тан астам халықаралық және еуропалық компанияларды біріктіретін Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығының (ҚЕБҚ) өкілдерімен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды сыртқы саяси ведомоствоның баспасөз қызметі.