Астанада 50 шақырым жол жөнделеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың соңына дейін елорданың 65 көшесіндегі жолдар орташа жөндеуден өтетін болады. Көшелердің 15-і қаланың орталығында, 50-і қала шетіндегі тұрғын үй алабтарында орналасқан. Жөнделетін жолдардың ұзындығы 49,9 шақырымды құрайды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.