Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде бірқатар тағайындаулар жасалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев ұжымға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының жаңа орынбасарларын және Астана қаласы мен Ақтөбе облысы бойынша ұлттық бюроның департамент басшыларын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.