Қызылорда ауруханасына сүйек құрамын зерттейтін аппарат орнатылды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қалалық ауруханасының материалдық техникалық базасы жаңа құрал-жабдықтармен толықты. Оның ішінде денситометр аппараты науқасқа нақты диагноз қоюға мүмкіндік беріп, сырқатты асқындырмай емдеуге жол ашады. Бүгінде Оңтүстік Корея елінде жасалынған құралдың артықшылығын қызылордалық тұрғындар сезініп үлгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.