Франция футболшысы Әлем чемпионатындағы сыйақысын қайырымдылыққа берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионаты жұртты сүйсіндірген қайырымдылық оқиғаларымен де есте қалып отыр. Франция құрамасының ойыншысы Килиан Мбаппе турнирдегі ойыны үшін өзіне тиесілі сыйақыдан бас тартты. Бұл туралы Twitter-дегі FourFourTweet аккаунты L'Equipe басылымына сілтеме жасап хабарлады.