Көкшетауда тас үйіндісінің астында қалған экскаваторшы құтқарылды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында алтын өндіретін кеніште экскаватордың үстіне тастардың үйіндісі құлап, жүргізушіні басып қалды. ҚазАқпарат тілшісіне Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Думан Дəлешов мәлім еткендей, құтқару жұмыстары 11 сағатқа жалғасты.