Синоптиктердің 22 шілде күнгі ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның кей жерлерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 22 шілде күні ауа райы құбылмалы болады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында және солтүстігінде жауын-шашынсыз күн райы болжанады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады. Күндіз солтүстікте, орталықта, батыс пен шығыста бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.