ӘЧ-2018: Франция құрамасының футболшысы Павардың соққан добы ең үздік гол болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Франция құрамасының қорғаушысы Бенжамен Павардың 2018 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалы матчында Аргентина командасының қақпасына соққан голы турнирдің үздік голы атанды. Бұл туралы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) баспасөз қызметі хабарлады.