Қазақстандағы ХҚКО түнде жұмыс істемейтін болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы 6 тамыздан бастап Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы үш «түнгі» халыққа қызмет көрсету орталықтары қайтадан қалыпты жұмыс тәртібіне көшіп, дүйсенбі-сенбі аралығында сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейтін болады. Бұл туралы ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.