ШҚО-дан табылған «Алтын адам» көшпенділердің әдісімен мумияланған
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Тарбағатайдағы Елеке сазы жайлауынан тағы бір «алтын адам» табылды. Саф алтынмен апталған сақ сардарының сүйегін жоба жетекшісі Зейнолла Самашев Өскемендегі облыстық өлкетану мұражайына жеткізіп, облыс әкімі Даниал Ахметовпен бірге баспасөз мәслихатын өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат аltaynews-ке сілтеме жасап хабарлайды.