«Астана» ВТБ-Лиганың бірінші турында ЦСКА-мен ойнайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Баскетболдан ВТБ-Лиганың жаңа маусым кестесі жарияланды. Оған сәйкес, «Астана» турнирді былтырғы жеңімпаз Мәскеудің ЦСКА-сына қарсы ойынмен бастайды, деп хабарлайды SPORTINFORM.