Түркістан облысындағы жылыжайларды дамыту ісіне түрік кәсіпкерлері атсалысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркістан облысындағы жылыжайларды дамыту ісіне түрік кәсіпкерлері атсалысады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтің түрік кәсіпкері Джемалеттин Шекермен кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.