Қазақстандық экспорттың құны жыл басынан бері 9,5 пайызға қымбаттады - ҚР ҰЭМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда экспорталатын тауарлардың бағасы 2018 жылдың шілде айында өткен аймен салыстырғанда 1,7 пайызға, 2017 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 9,5 пайызға, ал импортталатын тауарлар 1 пайызға (жоғарыда аталған аралық бойынша) және 3,2 пайызға қымбаттаған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.