Синоптиктердің 15 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 қыркүйек күні антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың тек солтүстігінде және шығысында фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауылмен жел соғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.