Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 10% артты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Еуразиялық экономикалық (ЕАЭО) елдермен өзара сауда көлемі 2018 жылдың қаңтар-шілдесінде ақшалай мәнде 10 783,5 млн долларды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 пайызға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.