Ақмола облысының әкімі субсидия алушыларды қатаң сынға алды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі астық бітік шығатын Есіл, Жақсы және Жарқайың аудандарында болып, егін орағы жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.