Ақмолада шетел студенттері медицина мамандықтары бойынша оқытылады
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің медициналық факультетінде шетел студенттерін оқыту мәселесі бойынша мәжіліс өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.