Директордың мұғалімді жұмысқа қабылдау құзіреті алынып тасталуы мүмкін
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күшейтіледі және аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына қойылатын жауапкершілік жоғарылайды. Бұл туралы бүгін Түркістан облысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау туралы мәжілісінде облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.