Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Мьянмада жасалған қылмысты айыптады
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Мьянмадағы ахуалы туралы отырысында Қазақстан Ракхайн штатында жасалған қылмысты айыптап, осы елдегі гуманитарлық дағдарысты бүкіл халықаралық қоғамдастықтың қатысуымен жедел және жан-жақты түрде шешуге шақырды. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.