Еліміздегі жас отбасылардың 15 пайызы бала сүйе алмайды
АЛМАТЫ. ҚАЗАҚПАРАТ - Алматыда Австрия, Литва, Польша мен Ресейден келген мамандар бедеулік мəселені шешу үшін бас қоспақ. Адамның репродуктивтік денсаулығы жайындағы форум 2-қарашада Ғылыми урология орталығының академик Б.О.Жарбосыновты еске алуға орай ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.