Цифрлық телевидениеге бірінші болып қай өңірлер өтеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда цифрлық телевидениеге өтуге байланысты телерадио хабар таратудың қолданыстағы сигналдарын тоқтату бағдарламасы басталды. Алматыдағы Өңірлік коммуникациялар қызметінде ел өңірлерін цифрлық телевидениеге ауыстыру мәселесі айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.