Қарасы батты
Берекең ауылында жиылыс болады деген соң, Тасберген сопы, Белденбоқ молда, Итаяқ би үшеуі басын қосып шыға қалды. Берекең ауылы Ұзыншырпыда, өзенмен екі арасы 10 шақты шақырым жер. Декабрь ішіндегі ызғырық суық, ысқырған боран бүрліктіріп еріксіз ыққа қаратады.