Боксшы Фируза Шәріпова жыл адамы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екі салмақ санатында чемпиондық белдіктердің иесі, қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шәріпова «Алтын Адам - Жыл адамы» сыйлығының лауреаты атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат спортшының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.