Алматыда атауы өзгерген көшелерге қазақ хандарының есімдері берілді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - VI шақырылған Алматы қалалық мәслихатының кезектен тыс XXXIV сессиясында 183 көшенің жаңа атауы мақұлданды. Көшелердің біріне Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтың есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.