Бақыт Сұлтанов Астанадағы барлық газ толтыру станцияларын тексеруді тапсырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұндай тапсырма газды пайдалануға қатысты екі оқиғаның орын алуына орай беріліп отыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. Аппараттық кеңесте Астана әкімі Бақыт Сұлтанов ТЖ департаментіне қаладағы барлық газ толтыру станцияларын тексеруді тапсырды.