«Теле2» Қазақстандағы үлесін сатады: Абоненттер не істеуі керек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық «Теле2» ұялы байланыс операторы Қазақстандағы барлық үлесін сататынын жариялады. Бұл туралы «Теле2» брендіне ие «Мобайл Телеком-Сервис» компаниясының баспасөз хатшысы Олжас Бибанов ҚазАқпарат тілшісіне хабарлады.