Қазақстан БҰҰ-ға мүше елдер бітімгерлерін дайындау құқығын ие болды
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» оқу орталығы (КАЗЦЕНТ) халықаралық бітімгерлік операцияларға қатысу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан сертификаттар мен әлем бойынша бітімгерлерді «Азаматтарды қорғау» және «БҰҰ штаб офицерлері» курстарында дайындау құқығына ие болды. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.